31.01.2024
Мектептің екі кеңістікке бөлінуі!
Құрметті ата-аналар!
Жаңа жыл өмірдің барлық саласына, соның ішінде біздің мектебімізге де жаңару әкелуде. Өткен жылы біз мектептің дамуы мен жаңашылдығына байланысты әртүрлі бағытта іздендік.
Біздің мақсатымыз білім берудің жоғары сапасын қалыптастыру және әр оқушыға жеке қарым-қатынас пен кәсіби көзқарас орнату екенін білесіздер. Әр бала өзінің қабілеті мен талантына және қажеттіліктеріне сай дами алатын жағдай жасауға тырысамыз.
2024 жылы біз мектепті басқарудың жаңа форматын енгізіп, оны кіші және жоғары сыныптарға бөлдік. Бұл іс жүзінде өздігінен болған табиғи процесс. Өйткені бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде олардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлі міндеттер мен көзқарас қажет. Сондықтан әр мектептің директорлары мен әкімшілік штаты болады.
Мектептің екі кеңістікке бөлінуі әр оқушының нәтижелі дайындығы мен әр балаға жеке-жеке қарауға мүмкіндік береді. Жоғары мектептің директорлығына Бахадир Әбдірасылұлы Рисметов, кіші мектеп директорлығына Дәулет Түлкібайұлы Ниязов тағайындалды. Менің ойымша, екі үміткердің алдымызға қойып отырған ортақ мақсат үшін жұмыс істеуге тәжірибесі мен біліктілігі жетеді. Олар біздің оқушыларымыз үшін өмір ағысы мен заман талабына сай үйлесім табатын ортаны құра алады.
Директорлардың функционалы өсіп, мектеп пен тәрбиеленушілердің дамуына байланысты жаңа міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Басқарудың жаңа тәсілі бастауыш сынып оқушыларына кез келген ортаға тез бейімделуіне, ал жоғары сынып оқушыларына жоғары оқу орнына түсу үшін дайындыққа көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Біз жоғары сынып оқушыларының әлемдік үздік 10 университеттің біріне түсуге дайындалуға мүмкіндік беретін арнайы университет алдындағы жұмыс ортасын құрып жатырмыз және қазіргі уақытта бұл біздің басты міндеттеріміздің бірі. Болашақта әлемдегі үздік 10 университетте оқыған білімді түлектеріміз Отанымызға оралып, еліміздің игілігі үшін жұмыс істей алады.
Мектеп дегеніміз қабырғалардан тұратын ғимарат қана емес. Мектеп бұл – мұғалімдер екеніне сенімдімін. Сондықтан біз кадрларды даярлауға ерекше назар аударамыз.
Осы жылдан біз Шоқан академиясының кадрлар ұстаханасын ашамыз, онда білікті мұғалімдер, педагогтар мен басқарушы менеджмент дайындалады. Шоқан академиясын педагогикалық тәжірибесі мол, жетекшілікте жан-жақты нәтиже көрсете білген Олег Владимирович Пак басқарады. Осылайша, біз білім сапасы мен білікті кадрларға қатысты мәселелерді шеше аламыз.
Жаңа 2024 жылды біз жаңашылдықпен және жаңа жоспармен бастаймыз. Биыл ата-аналар мен тәрбиешілер және оқушыларымыз, яғни, бәріміз үшін табысты жыл болатынына сенімдімін!
Шоқан Уалиханов атындағы жекеменшік мектеп негізін қалаушысы және бас директоры Тасмағамбетова Әсел
Хабарласу