01.01.2023
Бір топ мұғалім білім беруде көшбасшы саналатын Финляндия мен Эстонияға жұмыс сапарымен барып келді!

Мектептің негізін қалаушылардың ұйымдастыруымен бір топ мұғалім білім беруде көшбасшы саналатын Финляндия мен Эстонияға жұмыс сапарымен барып келді. Бұл сапардың басты мақсаты білім беру үрдісі мен процесін зерделеу еді.
6 күндік сапар мазмұнды және пайдалы өтті.

Мектеп командасы Финляндияда Хельсинки қаласының білім департаментінің басшысы Маржо Киллоненмен кездесті. Бұл кездесуде бастауыш және орта білім беру ұйымының ерекшеліктерін танысып, ұлттық бағдарламаға (FNCC) енгізілген іргелі өзгерістер туралы, одан әрі даму перспективасы, білім беру стратегиясын іске асыру туралы сұқбаттасты. Киллонен ханым мектеп командасының барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Хельсинкиде болған 3 күн ішінде мектеп әкімшілігі 4 мектеппен танысып, ондағы оқу кеңістігін ұйымдастырудың әртүрлі вариацияларымен танысты; мектептің ата-аналармен және жергілікті басқарумен өзара әрекеттесуі; оқушының жеке дамуы мен тікелей оқу процесінде кесте құруы. Финляндияда сабақтарға қатысу арқылы аталған елдегі ұлттық бағдарламаның жүзеге асыру тәсілдерін толық түсінуге мүмкіндік ашылды.

Финляндия – қоғамның басты құндылығы адам болып табылатын ел. Мемлекет мынадай қағидаларды ұстанады: әрбір азамат қолайлы қмір сүру үшін жағдай жасау; оның денсаулығына қамқорлық жасау және сапалы білім берумен қамтамасыз ету.

Бұл елде әл-ауқаттың жақсы білім екендігіне сенімді
(Well-being = well-learning).
Ел басшылығы мұғалімдермен бірлесіп білім берудегі қалыптасқан тәсілдерді өзгертті және бұл өзгерістерді тәжірибеге сапалы енгізді.

Киллонен ханым айтқандай: "’What was good in the past, not always can bring good in the future", бұрын жақсы болған нәрсе, болашақта өзгеріссіз қалатынына еш кепіл жоқ.

Біздің бұл жұмыс сапарымыз мектепке көп жақсылық әкеледі деп үміттенеміз!

Хабарласу