Бастауыш мектеп
Шоқан Уәлиханов
атындағы жекеменшік мектеп
Біз үшін әр бала – кішкентай ғана гений. Оның болашағына жауапты екенімізді сезінеміз.
Бастауыш мектеп – баланың саналы өмірге басқан алғашқы қадамы. Онда ұсақ-түйек деген болмайды, онда әр сөз, әрбір әрекет – ұстаз егетін ізгілік дәніне арналған құнарлы топырақ іспетті. Баланың қабілетін ашу, бірегейлігін тану, ішкі дүниесін түсіну, жанының тазалығын сақтау – алдымызға қойған және бізге үнемі шабыт беріп, алға жетелеп отыратын қиын да күрделі мақсатымыз.
Мектепке қабылдану сатыларымен таныс болыңыздар.
Бастауыш білім концепциясы
Кез келген әрекет түрін ұйымдастыру балалардың денсаулығына қамқорлық таныту ұстанымы тұрғысынан қарастырылады.
Баланың ойлауын, жадын және сөйлеуін дамыту – бастауыш мектепте оқытудың негізгі фокусы.
Баланың оқу процесіне эмоциялық тұрғыдан атсалысуы – оқу-тәрбие жұмысында табысқа жетудің негізгі факторы. Эмоциялық тұрғыдан атсалысуды қалыптастырудың бір тәсілі – ойын әрекеті.
Саралап оқыту және әр балаға жеке қараудың арқасында оқушылар өзінің қаншалықты бірегей және маңызды екенін түсінеді.
Біздің бастауыш мектебіміздің түлегі өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенеді. Ол – санасы ашық, білуге құштар, дос пейілді, танып-білуге және жаңаны тудыруға құмар бала.
Бастауыш мектептегі негізгі және қосымша білім беру бағдарламасы
Академиялық бағдарлама
Интеллектуалдық дамыту
Шығармашылық
Спорт

Бастауыш мектептегі білім беру (міндетте бағдарламасы) мыналарды қамтиды:

- БМЖС;

-  1-2 сыныпта 5 сағат математика; 

-   3-4 сыныпта 6 сағат математика;

-  6 сағат ағылшын тілі сабағы, оған қоса ағылшынша ойлау дағдысын дамыту бағдарламасы;

- 1 сағат баланың ойлауы мен сөйлеуін дамытудың авторлық бағдарламасы;

- 1 сағат хореография.

Баланың ойлауын дамыту оның ақпаратты дұрыс қабылдауына және оны өмірде тиімді пайдалануына жол ашады. Мектебіміз баланы сараптауға, саралауға, жалпылауға, салыстыруға, не нәрсенің бастысы мен кейінгісін ажырата білуге, өз бетімен қорытынды жасай алуға үйрететін интеллектуалдық үйірмелер ұсынады.

Баланың интеллектуалдық мәдениетін дамыту жолында мына үйірмелер жұмыс істейді:  

- баланың ойлауы мен сөйлеуін дамытудың авторлық бағдарламасы

- шахмат

- лего құрастыру және робот техникасы

-  “Thinking Skills Building” курсы

«Балалар сұлулық, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге тиіс».

                                                                                 В. А. Сухомлинский

Көркем үйірме – баланың жаңаны білуге құштарлығын қанағаттандыруға барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оның шығармашылық әрекетін ұйымдастыру мүмкіндігі.

Мектебіміз балаларға өзін, сезімдері мен қалауын көрсете алуына мүмкіндік береді:

- көзешілік

- бейнелеу өнері

- аспаздық үйірмесі

- хореография

- қолөнер

- домбыра

- вокал

- театр

Бастауыш мектеп жасы – баланың қаңқасы, бұлшықет жүйесі мен еңсесі қалыптасатын кезең. Бұл кезде қимыл-қозғалысты үйлестіру, омыртқаны бекіту және дененің серпімділігін жақсартуға бағытталған дене жаттығулары аса қажет. Сондай-ақ бұл кезеңде балалардың мақсатқа ұмылуы мен жұдырықтай жұмыла білуін дамыту үшін командалық спорт ойындары элементтерін қосуға болады:  

- хореография

- футбол

- ритмика

- гимнастика

- үстел теннисі

Оқиғалар
Хабарласу