15.12.2023
БҰҰ ғаламдық келісімі: мақсаттары, міндеттері және нәтижелері берілген.

Орта Азиат экологиялық зерттеулер институтында (CAIER) БҰҰ ғаламдық келісіміне қосылған компания топтарының қызметкерлері үшін ішкі оқу сабағы жүргізілді.

Оқыту семинарына «Сәби» қайырымдылық қорының, CAIER Институтының, Телли биобутигінің, Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің және Telli Оndyrys косметикалық өнімдерін өндіру бойынша зауытының мамандары қатысты.

Барлық компаниялар эколог және меценат Әсел Тасмағамбетовамен негізделіп, ұғарылған және тұрақты стандарттар ұстанымдары мен ESG стандарттарына сәйкес, әлеуметтік жауапты және экологиялық кәсіпорын ретінде қызмет етуде.

Іс-шараны ашу барысында Әсел Тасмағамбетова әр компанияның оқиғасы неден басталғанын, неліктен дәл осы қызмет бағыттары таңдалғаны, кәсіптік қоғамдастықтағы әріптестерінің сенімсіздігіне және орын алған қиыншылықтарға қарамастан білім, медицина, экология және мәдениет салаларына жүйелі өзгерістер енгізген оншақты жобалардың қалай іске асырылғаны жөнінде айтып берді.

Осылайша көпжылдар бойы атқарылған жұмыстың арқасында каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына кіріп, онға жуық республикалық қайырымдылық бағдарламаларын әзірлеп енгізу, ғажайып мектеп, экологиялық таза зауытты салу мүмкіндігі туындады, сонымен қатар, барлық жобалар тұрақты негізде ең үздік халықаралық іс-тжірибені игере отырып одан әрі дамуда және жетілуде.

Оқыту семинарын бастау арқылы, іс-шараның ұйымдастырушылары -  ESG-консалтинга CAIER департаменті – департаменттің басшысы Әйгерім Оспанова және аға ESG-сарапшысы Ләззат Қайбалдина әр компанияға көптеген жұмыс жылдары бойы бірте-бірте алдарына мақсаттарын, міндеттерін қоя отырып үлкен нәтижелерге жеткенін айтып беруге мүмкіндік берді.  

«Сәби» қайырымдылық қоры 2002 жылдан бері жұмыс істеуде және Қазақстандағы бірінші ұйымдардың бірі болып саналады. Қор өз қызметін балалар үйіне көмек көрсету секілді шағын қайырымдылық жобасынан бастады. Ал, қазір көптеген жылдар еңбек етіп халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына, ерекше талап етуші адамдарға көмек көрсету бойынша ондаған жүйелі бағдарламаларды жүзеге асырды. Қор қазақстандық жүздеген талантты балаларға оқуларын төлеп берді, Қазақстандағы 5 аумақта жоғарытехнологиялық шұғыл балалар хирургиясы құрылысын, мектеп құрылысын, балалар үйін, инклюзивті ойын алаңдарын, бүкіл Қазақстан бойынша роботтехника орталықтарына салды. 

Сондай-ақ, CAIER институты 2012 жылы құрылған. 11 жыл ішінде Институт кішігірім ғылыми ұйымнан Орта Азия және Қазақстандағы жетекшілік ететін тәуелсіз ғылыми-зерттеу экологиялық Институттың біріне айналды. CAIER мекемесінде заманауи жоғарытехнологиялық құрал-жабдықтармен жарақтанған тамаша зертхана бар. Институт суды тазарту, мазутталған топырақтардан жасалған құрылыс материалдарын жасау саласында бірнеше патенттелген әзірлемелердің авторы болып табылады. Институттың ғимараты барлық экологиялық талаптарды ескеру арқылы салынған және LEED  халықаралық сертификатына ие.

Телли био-бутигі биылғы жылы өзінің 15-жылдығын атап өтті. Телли тек дүкен ғана емес, ол үлкен ағартушылық жұмысын жүргізген және қазақстандық тұтынушыларға экологияға зиындығын келтірмейтін, жануарларға тест жүргізбейтін, құрамында денсаулыққа қауіпті компонеттері жоқ табиғи косметикалық өнімді қолдану саналығын бойға сіңдірген алғашқы компания болып саналады

Телли био-бутигі 15 жыл бұрын Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, Орта Азияда ірі гомеопатиялық дәріхананың бірі ретінде өз еңбек жолын бастады. Гомеопатиялық препараттардың кітапханасы украинаның жетекші дәрігерлерінің ұсынымынң негізінде құралған және қазіргі кезде ең қажетті препараттардың 5000-нан аса мөлшерінен тұрады. 

Бүгінгі күні Телли косметика бойынш әлемдік экологиялық бренд түрінде ғана емес, сонымен қатар, өзінің лактозасыз балмұздағын, табиғи майды қолдану арқылы қатты сабын жасап шығарады, ал, келешекте жеке меншік өндірісіндегі тауарлар желісін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Шоқан Уәлихано атындағы жек мектеп 2020 жылы ашылды, бұл ТМД елі бойынша LEED халықаралық экологиялық сертификатына ие жалғыз жасыл мектеп.

Қазіргі сәтте мектепте 900-ден астам балалар оқып жатыр.

Жұмыстың негізгі ұстанымы – қазақстандық оқушыларға сапалы білім алуға қолжетімді болу мүмкіндігін беру, оның ішінде, әлем бойынша ондық 20 халықаралық жоғары оқу орындарына түсуге септігін тигізу. Үздік оқушыларға шәкіртақы, ал, халықаралық 20 жоғары оқу орнының біріне түсетін түлектерге оқуына толығымен төлем жасайды.

Мектептегі қызмет ESG ұстанымдарына және тұрақты дамына толыққанды сәйкес: энерго-жылу және суүнемдейтін құралдар орнатылған, қоқысты бөлектеп жинау қарастырылған. 

Мектеп экологиялық іс-шараны жүргізу алаңы болып саналады, сонымен қатар, жас ғалымдарға арналған республикалық эколгиялық форум бар, онда бүкіл елден келген балалар авторлық экологиялық инновациялық жұмыстарымен таныстырады.

Телли Ondyrys зауыты – ISO 22716 (GMP) барлық талаптарын ескере отырып құрылған Қазақстандағы ең алғаш зауыт. Кәсіпорын әр тапсырыс беруші үшін сапалы және экологиялық косметикалық заттарды өндіре алады. Зауыт суды тазарту бойынша көпсатылы жүйені игерген. Телли Ondyrys өзінің алдына тек қана қазақстандық нарықта емес, тіпті сыртқы нарықта да талап етілетін экологиялық таза өнімді құру секілді өршіл мақсатты қойған.  

Оқыту семинары тарапында қатысушыларға оқыту блоктары ұсынылды, онда ESG-консалтинга CAIER департаментінің қызметкерлері ESG бойынша тұрақты даму ұстанымдары жайлы, Қазақстанның  БҰҰ РБМ жетудегі ағымды прогресі туралы, және де БҰҰ Ғаламдық келісіміне қосылған компаниялардың қандай ұстанымдары, міндеттері мен мақсаттарды орындауға міндетті екені туралы айтты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар қатысушыларға алған білімдерін бизнес ойынды өткізу арқылы бекітуді ұсынды, онда, ESG, сондай-ақ, БҰҰ РБМ тұрақты даму ұстанымдарын қолдану арқылы шешуге болатын практикалық тапсырмалар үлгісі жасалды.

Компанияның қызметкерлері тапсырманы орындауға шығармашылық түрде ыңғайланып, кейбір командалар мәселені шешу жолында даму стратегиясын да құра ғана қоймай, қысқа уақыт мерзімінде экологиялық киімді өндіру бойынша өмірге қабілетті стартапты ойлап шығарды.

Аталмыш іс-шара институтпен Қазақстандағы және Орта Азиядағы компанияларға өткізілетін CAIER жүйелі ағартушылық жұмысының тұрақты даму,  ЕSG және БҰҰ РБМ енгізу бойынша кезекті білім беру жобасы болды.

Хабарласу