31.10.2023
Әлем бойынша ең үздік 10 жоғарғы оқу орнына оқуға гранттар!

Құрметті Шоқан Уәлиханов атындағы Жекеменшік мектебінің оқушылары мен ата-аналары!
Әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарында оқығысы келген дарынды, талапты оқушылар үшін грант бағдарламасы іске қосылғанын мақтанышпен хабарлаймыз. Бұл сіздердің шекара асып, өздеріңіздің академиялық және мамандық иесі болу армандарыңыздың орындалуы үшін керемет мүмкіндік!
Мектеп негізін қалаушылары Кеңес Хамитұлы Ракишев, Әсел Иманғалиқызы Тасмағамбетова, сонымен қатар Kaspi. kz. директорлар Кеңесінің төрағасы, тең құрылтайшы Вячеслав Константинович Ким — осы жоба идеясының авторлары.
Сонымен, 2023-2024 оқу жылының бітірушілерінен бастап, әлемнің ең үздік он оқу орнының біріне қабылданған Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектебінің әрбір түлегі сол беделді оқу орнында оқуға толықтай грант сыйлыққа алады. Бұл дегеніміз, біздің дарынды балаларымыз өздерінің мансаптары мен білім алу мақсаттарын жүзеге асыру бойынша керемет мүмкіндікке ие болады деген сөз!

✅️Грантқа кімдер үміткер бола алады?
Біз 11-сынып оқушылары арасынан:
• Жоғары академиялық қабілеттерін көрсетіп, ғылыми жұмыстарға қызығушылық таныта білген.
•Көшбасшылық қасиеттерін айқындап, әлеуметтік белсенділік таныта білген.
• Мансаптық өсуге және жаңашылдық шешімдер құруға әлеуеттерін көрсете алатын 11-сынып оқушыларын шақырамыз.

➖️Нақты ақпараттар: университеттердің тізімі, өтініш беру процесі, мерзімдері мен талаптары туралы нақты ақпарат мектеп сайтында грант бағдарламасы ашылғаннан бастап қолжетімді болады. Сайт жаңаланған уақытты қарап отырыңыз және сынақты қарсы алуға дайын болыңыз!

"Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп оқушылары арасында ең үздік жоғары оқу орындарында жоғары білім алуды армандайтын талантты балалар өте көп. Құрылтайшылар бастағалы отырған жаңа жобамыз дарынды балаларға өте қолайлы жәрдем болары анық.
Біздің ең негізгі мақсатымыз- таланттарды ашып, армандарының орындалуына жәрдем қолын созу".

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің негізін қалаушысы Тасмағамбетова Әсел.

Хабарласу