Кеше Шоқан Уәлиханов атындағы бастауыш жекеменшік мектепте ерекше іс-шара өтті – Джеронимо Стилтонның «Марко Полоның шытырман оқиғалары» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы! Бұл кітап алғаш рет қазақ тіліне аударылып, оқушыларға ұсынылды.
Жоба Steppe&World баспасының бас директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі Раиса Сайран Қадырдың қолдауымен жүзеге асты.
Балалар кітаптың мазмұнын викториналар арқылы тереңірек түсініп, ағылшын тілінде театрландырылған қойылым қойды. Эдуардо Крисофоллимен бірге итальян пиццасын дайындап, қазақ және итальян асханаларының ұқсастықтарын талқылады. Сондай-ақ, олар Қазақстанның ең көрікті 7 жерін таныстырып, Марко Поло бүгінгі таңда қайда саяхаттауы мүмкін екенін ой елегінен өткізді. Бұл шара кітап оқудың жаңа қырларын ашып, мәдениеттер арасындағы көпірге айналды.
Маңызды жаңалық – мектебімізге жақын арада Италияның үздік өнер және дизайн университеттерінің бірі келеді. Бұл оқушылар үшін халықаралық білім беру мүмкіндіктерімен танысудың тамаша жолы!
Ең жарқын сәттерді карусельден тамашалаңыз!