07.09.2024
Жаңа оқу жылына керемет жаңалықтармен қадам басып отырмыз!

Қазіргі таңда Қазақстанның экономикадан ұлттық құрама командасы, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Чингизхан Болатбекұлының басшылығымен, Грекияның Афина қаласында. Жекеменшік Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің, Алматы мен Астана қалаларындағы НЗМ және «Дана» мектебінің дарынды оқушылары International Economics Olympiad 2024-ке қатысуда.

Финалға шыққан 100 қатысушының арасында біздің шокандықтар тамаша нәтиже көрсетті:
- 11К сынып оқушысы Оспан Томирис күміс медаль иеленді.
- 11L сынып оқушысы Нариман Динара қола медаль жеңіп алды.

Экономика пәнінің ұстаздары Чингизхан Болатбекұлы мен Сабижан Сайкенұлын оқушыларының зор жетістіктерімен құттықтаймыз! Оқушыларды республикалық және халықаралық олимпиада кезеңдеріне дайындағаны үшін Чингизхан Болатбекұлына ерекше алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаз қыздарымызға әлемнің жетекші университеттеріне түсу жолында сәттілік пен табыс тілейміз! Біз сіздермен мақтанамыз!

2024 жылғы Халықаралық экономика олимпиадасы 1-4 қыркүйек аралығында Грекияның Ежелгі Олимпия қаласындағы Халықаралық Олимпиада Академиясында өтті. Бұл беделді іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен келген жоғары сынып оқушыларын жинап, оларға бай мәдени ортада бәсекелесуге, ынтымақтасуға және идеялармен алмасуға бірегей мүмкіндік берді. Биылғы жылы 22 елден 80 000-нан астам оқушы қатысып, бұл сайыс жастар арасында экономикалық және қаржылық сауаттылықты насихаттайтын ең ірі платформалардың біріне айналды.

Хабарласу