10.12.2022
5 БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ!

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектебі Қазақстан Республикасының мектептік білім  бағдарламасын дамыту аясында, қазақ тілінде оқытатын 7-сынып оқушылары үшін 5 білім грантын ұсынады!
Іріктеу конкурстық негізде өтеді: оған 2021-2022 оқу жылының GPA тексеріледі, бірнеше пәндер бойынша тест тапсырады және баланың портфолиосы қарастырылады. Тестілеу нәтижесі бойынша ең жоғары балл жинаған оқушылар оқу орнына түсіп, тегін оқи алады!
Маңызды ақпарат!!!
• Гранттар 7-сынып оқушылары үшін бөлінеді;
• Оқыту тілі – қазақ тілі;
• Емтихан келесі пәндер бойынша өтеді: қазақ және ағылшын тілдері және математика;
• Тіркеу парағын толтыру кезінде баланың 2021-2022 оқу жылындағы GPA 5-тен 4,5-тен кем емес (есеп картасы бойынша орташа балл) екенін растайтын құжатты қоса беруі МІНДЕТТІ.
• Тестілеу 2022 жылдың 26 қарашасы күні өтеді;
• Нәтижелер 2022 жылдың 10 желтоқсанында жарияланады.
• Оқуға өтініш бергіңіз келсе, төмендегі сілтеме бойынша өтіп, арнайы форманы толтырыңыз: 
• Тіркеу 20 қарашаға дейін жалғасады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
 +7 700 97 000 97 + 7 727 97 000 97

Хабарласу