30.06.2022
Күміс жүлде қоржынымызда!

Атырау қаласындағы мұғалімдер арасында өткен республикалық "Математикалық регата" сайысы өз мәресіне жетті. Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің математика пәнінің мұғалімдері сайыстан жүлделі екінші орын алып, күміс жүлдеге ие болды.

➡️Команда құрамында болған ұстаздар:
- Кабасов Багдат Берикович;
- Джумагулов Серик Аскарович;
- Қожахметов Нариман Нұрланұлы;
- Маккамбай Феруз Рахимжанулы.

Әріптестеріміз аудан және қала көлемінде жоғары нәтиже көрсету арқылы республика деңгейінде мектебіміздің намысын қорғағанын атап өткіміз келеді.

Жарысқа 14 облыс пен еліміздің 3 үлкен қаласынан жиналған 80-ге жуық педагог қатысқан болатын. Сайыстың басты мақсаты- ұстаздардың біліктілігін көтеру.

Әріптестерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Хабарласу