31.10.2021
1 қазан күні Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу мырза біздің мектепке достық сапармен келді.

Қонақты мектептің негізін қалаушыcы Кеңес Хамитұлы Ракишев пен мектеп директоры Пак Олег Владимирович қарсы алып, Катсу мырзаны мектеппен таныстырды. Экскурсия барысында Шигео Катсу мырза мектептің техникалық жабдықталуын, компьютерлік сыныптарды, робототехника кабинеті мен дизайн орталығын, кітапхана және медиатеканы
жоғары бағалады. Мектепте оқу үдерісінің сапалы деңгейде жүруіне барлық жағдай жасалғандығын баса атап өтті. Сондай-ақ, мектебіміздің одан әрі дамып, өркендеуіне тілек білдірді.

Біз де өз кезегімізде Шигео Катсу мырзаның сапары үшін алғыс білдіріп және жұмысына  сәттілік тілейміз. 

Анықтама үшін: Шигео Катсу мырза 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Назарбаев Университетінің Президенті қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар ол Назарбаев Зияткерлік мектептері Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы, Назарбаев Қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және «First Heartland Jýsan Bank» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып табылады.

Хабарласу