22.10.2020
«Грифон» этно-клубы

21 қазанда, тарих пәнінен оқу бағдарламасы аясында оқушыларға археолог, этнограф, тарихшы, «Грифон» этно-клубының жетекшісі Станислав Потапов практикалық лекция өткізді. 

Лекцияда сақтар, ғұндар, түркілер мен қазақ хандығы дәуіріндегі қару-жарақ үлгілері көрсетілді. 

Оқушылар осы тарихи кезеңдердегі сауыт-сайман, батырлардың бес қаруы – қылыш, семсер, айбалта, найза, садақ, қанжарларды көрді. 

Балалар қару-жарақ қалай қолданылатыны туралы шеберлік сабағынан ерекше әсер алып шықты. 
PS. Көрсетілген қару-жарақ үлгілері – түпнұсқаның қауіпсіз көшірмесі ғана. Сабақ барысында ешкім жарақат алған жоқ.

Хабарласу