17.10.2020
"Malysh Open"

Бұл демалыс күндері мектебіміз үшін жаңалыққа толы болды.

Бірінші сынып оқушыларымыз щахматтан 7 жасқа толмаған балалар арасындағы "Malysh Open" арнаулы турниріне қатысты.
Нәтижелерін жариялап мақтанғымыз келіп тұр!

♟️Махмуд Темірәлі қарсыласынан азғана ұпаймен жеңіліп, 2-орын иеленді. Ал қосымша коэффициенттер бойынша вице-чемпион болды.

♟️Арман Өскенбай 6-орында тұрақтады.

♟️Дәмелі Кәкімжан 10 мықтының қатарына қосылды

Оқушыларымызға осы жетістіктері құтты болсын дейміз және ары қарай да жеңіске жете берсін деп тілейміз!

Хабарласу